BOOKS / LANGUAGES
Бұл кітап кең оқырман қауымға арналған. Отбасының қоғамдағы маңызы, отбасыда ата-ананың құрметі, ерлі-зайыптылардың міндеттері, бала тәрбиесі секілді өзекті мәселелер баяндалады. Бүгін отбасы құндылықтарымыз үлкен қауіпте. Жаһанданып жатқан дүниеде «заманауи» деген ұранмен ұсынылып жатқан әдепке жат қасиеттерді сіңіріп, ақырын ақырын түп тамырымыздағы құндылықтарымызды жоғалтып келеміз. Маскүнемдік, есірткі, ұрлық, зорлық-зомбылық секілді барлық жамандықтардың түбі негізінде отбасылық құндылықтардың бұзылуынан бастау алады. Бұл ақау дұрысталмайынша қаншама шырылдасақ та нәтиже өзгере қоймайды. Ұмытпайық отбасы күшті болса, адам да, қоғам да күшті болады. Отбасылық құндылықтарымызға бекем болмасақ, келеңсіздіктер шешілмейді. Шешім отбасылық құндылықтарымызды сақтап қалу. «Бақыттың кілті – Жанұя» есімді бұл еңбегімізде жанұя ішіндегі әрбір мүшенің өзіндік рөлдерін және жанұяның қоғамдағы орнын көрсетуге тырыстық. Біздің дәстүрлі отбасы құрылымымыз мейірім, өзара құрмет, махаббат негізінде құралған. Отбасыда әркімнің орны қандай, кімнің міндеті қандай, кімнің қай жерде отыратыны, кімнің жолы үлкен бәрі орныққан. Рухани құндылықтарына ие нағыз жанұяны ешкім тізе бүктіре алмайды. Өмір ағысында алдарынан не шықса да, ол жанұя бүкіл қиындықтарға бірге төтеп береді, тіпті шыңдалып, одан да күшейіп артынша келетін көркемдіктерімен қуаныштарымен де бөліседі.

Сонғы кезде халқымыздың имандылыққа бет бұрғаны қаншалықты қуанарлы болса, оның пәк болған санасына сыртқы күштердің тынымсыз улау мақсатымен жүргізіп жатқан саясаты да соншалықты қайғылы екені сөзсіз. Ұлтымыздың бірлігіне қауіп төндіріп тұрған ұлттық санаға жат бағыттардың «дін еркіндігі» ұраны арқасына жасырынған іріткі салу үгіттеріне төтеп беру жеткілікті діни мәліметі болмаған азаматтарымыз үшін әрине оңайға соқпайды. «Ислам діні» кітабы осындай жағдайда халқымыздың дұрыспен бұрысты ажыратып алуына көмектесу мақсатында құнды деректерден алынып даярланды. Кең оқырман қауымына арналған аталмыш кітаптың негізгі мақсаты - дәстүрлік әһлі сүннет (сүнни) жолымыздың сыртындағы өзге де топтар және діни бағыттарды оқырманга өздерінің еңбектері арқылы таныстыру ғана. Адасқан топтардың дінді идеологияға айналдыруы нәтижесінде қаншама мұсылмандардың тура жолдан таюына себеп болғаны, халықтардың, мемлекеттердің басына қауіп туғызғаны жайлы деректер келтіріледі. Сонымен қатар кітапта адасқан топтар мен сенімдері туралы атақты ислам ғұламаларының берген жауаптары да орын алған.

FOLLOW US

https://www.islamyolu.net/book-list.html?tp=275